Алтуайт – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Алтуайт» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 651
Нартымен өртей салып мұң-қапаны,
Тұсынан Алтуайттың Күн батады.
Ымыртта күнбатыстан көшкен сәуле,
Маған бар көне шерді жырлатады.
Тұсынан Алтуайттың батады Күн,
Шалғайын алау шарпып шапанының.
Сәуленің түнге сіңген сілемімен,
Ай жаққа ұшып бара жатады үнім.
Алтуайт — аты жұмбақ жоталы қыр,
Баурынан күнде боздар боталы нұр.
О-дағы көкке ұмсынып қатып қалған,
Басына бермеген соң опа ғұмыр.
Ол ғашық көктегі Айға, мен де ғашық,
Күн семер соны сезіп, белден асып.
Қол жетпес қияларға көңіл сермеп,
Екеуміз қалғанбыз ғой жерде жасып.
Алтуайт.
Аты жұмбақ, заты жұмбақ,
(Атыңда аяулы әнге жақын ырғақ).
Ақыры Айға жетпес арманыңмен,
Сен шөгіп келесің-ау ақырындап.
Сен сіңіп кетесің-ау жерге мүлде,
Келместей, оралмастай енді өмірге!
Мен де ұшып, Айды құшып жоғалармын,
Тұсыңнан тағы бір Күн сөнгенінде.
Алтуайт...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтуайт өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Алтуайт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтуайт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтуайт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері