Сен мені жек көргеннен не шығады?! –
Серік Сағынтай
Бұл бетте «Сен мені жек көргеннен не шығады?!» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен мені жек көргеннен не шығады?!
Сағынып жиі аларсың есіңе әлі.
Кактустай отыз жылда бір-ақ гүлдер,
Ессіз жан ер қадірін кеш ұғады.
Сен менен түңілгейсің.
Мен түңілгем.
Өшпес тек өкініштің өрті бірден.
Елесім түн баласы есік қағып,
Өтерсің өзіңді-өзің өлтірумен.
Сен менен жерінгейсің.
Мен жеріндім.
(Тиынын санадың-ау теңге-өмірдің).
Алдамшы ғұмырыңа қорек етер
Қалдығы жетер осы көргеніңнің.
Сен мені ғайбаттай бер — нем кетеді,
Өз сөзің өз кеудеңді шерлі етеді.
Жүректе кеш бүрлеген сезіміңнің
Бесігін елес қана тербетеді.
Сол елес — мендік рухтан жаралған нұр,
Сен емес, бесігі үшін алаңдап жүр.
Кеудеңе көктен жұлдыз жарық салсын,
Қош боп тұр, сабағы ерте ағарған гүл!..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі