Өлең, жыр, ақындар

Домбырам сынған

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 669
Сырласым едің, сен, кешір мені,
Сен, кешір мені, сыңарым.
Сынық көңілім пернесіндегі
Сыңсу-сыңқыл боп тынамын.
Аспанның бұйра бұлтының қалың
бұйраттарынан әрі аунап,
Мен шерткен күйдің сылқым ырғағын
Ай жаққа әкеткен жел айдап.
Ай жаққа ауған бар күйім менің
Лебімен түнгі үкінің.
Әйбат түндердің әлдиін керім
Бұзбайды зілді зікірім.
Бар күйім менің Ай жаққа ауған
Үкінің мұңлы лебімен.
Кеудемді әркез сайратқан арман
Бірге жөнеген сенімен.
Бірге болмайды менімен мүлде
Күй де, мұң да енді тым жырақ.
Мешінге айналам меңіреу күйде,
Меңіреу күйде тұнжырап.
Тынамын солай тұнжырап мәңгі,
Өкпемде өшіп бұла дем.
Тек Айлы түнде мұңлы бақтарды
Жүреді кезіп бір әуен.
Сен, кешір мені...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлттар

  • 0
  • 0

Бұлттар ауып барады қаңбақтардай,
Немесе атам қуған қалмақтардай.
Ағыл-тегіл көз жасын көрсетпеуге,
Тас төбемнен әрі аунап аулақ барғай.

Толық

Жауырыншы

  • 0
  • 0

Жаныма мен туғаннан серік болған,
Тұсыма қайда көшсем, келіп қонған.
Бір елес қыр соңымнан қалмай қойды
Ерте-кеш елегізтіп ерікті алған.

Толық

Жезқазған. 1997

  • 0
  • 0

Қош енді, қала, көшеңді кезем соңғы рет,
Қара тас тұғыр-көсемді көрем соңғы рет.
Жанары жаздың тамшыға тұнар мөлдіреп,
Қолында достың бал-сыра тұрар мөлдіреп.

Толық