Балқаш балладасы – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Балқаш балладасы» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 724
Жағаға келіп толқындар сүйіп кемерді,
Лықсиды кейін бұдан да таппай бір ләззат.
Құмдауыт жерді жек көріп кетеді ол енді,
Жаралы жанын жайсыздау мұңы тырналап.
Толқиды теңіз, толқынды сезім әурелеп,
Ей, менің мұңым секілді бұ да бұрқанып.
Тыншиды сосын тербелгенге де тәубе деп,
Көздерін жұма, көбікті көрпе қымтанып.
Ұйқыға шомса, ұйыған тәнін түн жаншып,
Көктегі жұлдыз қонақтап мұңлы көркіне.
Салқындап бойы сабырға келіп, тынғансып,
Табыттай түннен тапқандай дауа дертіне.
Күрсініп қойып, кеудесін кере дем алмай,
Дел-сал боп жатар (өйтпеске шара жоқ тағы).
Беймарал күйге біржола бөгіп ене алмай,
Күйзелген жаны күндізгі мұңға ноқталы.
Талықсып талып, түн ауа әбден қалжырап,
Тұяқ та серіппей ұйқыға шома бергенде.
Оянар Ай-қыз аппақ нұр өңі албырап,
Перделі көлге пері-зат қыздар келгенде.
Бір аунап түсіп, әлденені айтып күбірмен,
Ашылған тәні Ай сәулесімен боялып,
Жеті түндегі жел мініп жеткен дүбірден,
Селк ете қалып, кетеді кенет оянып.
Көтеріп басын, толқындар сосын жосылып,
Жағалау жаққа күрсіне басып жөнейді.
Пері-зат қыздар шу ете қалар шошынып,
Түнгі думанға тұрақ болмайды көл енді.
Перілер сосын қайтады көкке — жұртына,
Перделі көлге қайтадан тілсіз түнек кеп.
Тып-тыныш қана шомады ол да ұйқыға,
Түсіме менің перілер неге кіред деп.
Пейіштей түннің жағасын ақ таң тартып қап,
Толқын-бұлт көміп, сөнеді жылтыр жұлдыз көп.
Джинсы шалбарлы періште қызды қолтықтап,
Пендеге айналып жүреміз ылғи күндіз кеп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балқаш балладасы өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Балқаш балладасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балқаш балладасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балқаш балладасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері