Бұл бетте «Көктем» атты Хамит Ерғалиев жазған табиғат туралы өлең берілген.
Көктем, сенің осы айында
Тыншытқан жер, аспанымды,
Құшағына тосайын да
Қызғалдақтай жас жанымды,
Бұлбұлындай ән салайын.
Жырлайын жас боламын деп,
Жылда-жылда сен сияқты;
Өз бөлмемде өмip гүлдеп,
Даламда да жас қияқты
Желкілдесін ақ бидайым.
От жалаған қайың терек,
Жамылсын да жасыл бүліш,
Окоптарды жапырақ бүркеп,
Бейбіт жерде жатсын тыныш,
Жайнай түсші, көктем — айым.
Жайнай түcтi шарбағымда,
Жасыл бұтақ тереземнен.
Дәл өзіндей жас шағым да
Тұрсын қарап, сол еменнен
Тағы да бip жыр алайын.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі