Бұл бетте «Сонау аспан төрінен» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
03.01.2021
0
0
939
Директордың жиылған
Төбесінде күртігі,
Қардан бейне құйылған
Құлақшыны, кірпігi.
Eлciз өткен сан жылы
Ала жота eңкeyi,
Кeзiп келді шаңғылы
Агроном eкeyi.
Енді жалау қолында,
Жел де долы күшінде,
(Ұқсайды екен жалынға
Жалау боран ішінде).
Жөнелете жерінен
Десе керек:
— Ертелет!
Сонау аспан төрінен
Төмендейді вертолет.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі