Суық желде
Бұл бетте «Суық желде» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Aпpeльдiң бірінші
Күні жерден сығалап,
Жел тұрғызған түрін-ші..
Желі қандай сұғанақ!..
Tepшіп бірақ шық кешкен
Қайтсін оны «ЧТЗ»?!
Адыр-бұдыр шықты естен,
Аударылды шым-түзі
Кеудесінде қызады
Алған демі, от о да.
Он трактор ұзады, —
Жолақ қалды жотада.
Бipeyiндe Қуандық,
Tipкeyiндe Нұрсұлу.
Қуан қарап кейінге
Құр ауаны сүйеді,
Қызы даяр «кеюге» —
Жұдырығын түйеді
Қай өңірді кезбейді
Қайран жастың ойыны!..
Толғанын да сезбейді
Суық желге қойыны.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі