Бұл бетте «Жаңа қала» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көктемнен бepi қыратта
Фундамент неше қазылды;
Таусылған сайын бip апта
Есептер қанша жазылды?..
Жұлдызды аспан түбi жоқ,
Жөтелген шалдай күркілдеп, —
Далада қанша движок
Түн бойы турды зіркілдеп.
Крандар созып мойынды
Цементке, қызыл кірпікшe,
Су тартқыш қанша тойынды
Тұмсығын тығып Ертіске?
Тілінді мұнда неше мың
Көктемнен бepi бөрене!
Бойлары түзік көшенің
Yйлepi биік, көр, әне!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі