Ән

Бұл бетте «Ән» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1309
«Оян қазақ, ұйқыңды аш қалын елім!» —
Осынау ән аралаған арқа елін.
Кім айтқан, кімге айтқан, не үшін айтқан,
Ұқпаушы ем мәнісі не, қамы ненің.
Ол менің ойын қуған бала кезім,
Еске алсам ойға шомып қалам өзім.
Әр сөзін қағып алып жаттаушы едім,
Ән салған адамда боп қара кезім.
Ол кезде мұны жұрттың бәрі айтатын,
Өрістен мал қайырған бала айтатын.
Жұбатып көлеңкеде немересін,
Ыңылдап қақпа алдында шал айтатын.
Аспандап, асқарға өрлеп, ән созыла
Естілсе, толқушы едім мен сазына.
Ойласам қазір, осы асқақ әнмен
Ұлылар жол нұсқаған ұл-қызына.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері