Би Темірге айтқан бірінші толғауы
Бұл бетте «Би Темірге айтқан бірінші толғауы» атты Шалкиіз Тіленшіұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аспанды бұлт құрсайды -
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды -
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды.
Көп ішінде бір жалғыз
Көп мұңайып жылайды -
Күйбендескен көп жаман
Сөзі тигенге ұқсайды!
Алп, алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің,
Жазылы, алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің!
Білерді білмес не демес,
Сұлтан ием, сен менің
Бармай тапқан Қағбамсың!
Алтынды кесе сары бал
Алсам, мен саған ұсынармын,
Тал мойныма қол артсаң,
Күліктен бек ұнармын.
Көбең семіз торыңмын,
Көп құлыңның бірімін.
Жақсыңнан мені кем көрдің,
Жаманыңмен тең көрдің.
Жақсыңнан мені кем көрсең,
Жаманыңмен тең көрсең,
Ұялы берікке қос артып,
Сен есенде, мен сауда
Ырысымды сындайын,
Сегіз қиыр шартараптан іздермін!
Еділден аққан сызашық
Біз көргенде тебінгіге
Жетер-жетпес су еді -
Телегейдей сайқалтып,
Жарқыраған беренді
Теңіз етсе, Тәңірі етті!
Жағасына қыршын біткен тал еді -
Жапырағын жайқалтып,
Терек етсе, Тәңірі етті!
Тебінгінің астынан
Ала балта суырысып,
Тепсінісіп келгенде
Тең атаның ұлы едің,
Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі етті!!
Тобылғының берегі
Иіл болып беріш бітсе,
Айбар болар терегі.
Атаның ұлы жақсыға
Малынды бер де басың қос,
Бір күні болар керегі.
Бостаны бар-ды теректің,
Болаты бар-ды беректің,
Тұсыңдағы болған нартың қорлама,
Тұсыңдағы болған нартың қорласаң,
Табылмас-ты керекте.
Айдын шүйсең - тарлан шүй,
Көтерілген сона құтылмас.
Жауға кисең - берен ки,
Егеулеген болат өте алмас.
Есендікте малыңды бер де батыр жи,
Басыңа қыстау іс түссе,
Дұспанның қолы жете алмас!
Бар күшіңді сынамай,
Балуандармен күреспе -
Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың күлемге.
Ақылсыз достыдан
Ақылды дұспан артық-ты,
Дұспаныңнан бір сақын.
Елі ішінде айқасып,
Ойнап жүрген достарыңнан мың сақын.
Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа.
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман айғақ болар басыңа.
Жақсы да келер бұ көпке,
Жаман да келер бұ көпке,
Түгел іс қойып болмас бір кепке.
Сен - алтынсың, мен - пұлмын,
Сен - жібексің, мен - жүнмін,
Сен - сұлтансың, мен - құлмын,
Сен - сұңқарсың, мен - қумын,
Жемсауыңа келгенде,
Сұлтан ием, сом жүрегім аяман!
Саған дұспан - маған жау,
Керекті күні алдында
Ғазизленген сұлтан жаным аяман!!
Рахмет сіздерге тез әрі толық тауып береді екен. Сабағыма керек еді. 5 алдм ураааа рахметтт!!!!
Маган оте уннады тамаша
Маган yнады
Керемет
өте керемет
кушты
Өте жақсы маған ұнады
Кишкене дурис жазыныздаршы ....баска жырларын асиресе
бары керемет айтылган
коркемдик курал барма
түсінікті
Бәрі тамаша
отееее керемет жазылган
керемет
Рахмет сізге
Екінші толғауы бар ма?
Керемет екен
Админ сізге көп көп рахмет
өте онша емес
Керемет екен
Керемет рахмет
Керемет, керемет!!!!!
Керемет екен!!
керемет
Керемет маған унады. Сабағыма керек еді рахмет!!!
Рахмет
Бұл бірінші толғауы емес пе?
Әдемі айтылған сөздер
Ote keremet.Magan katti unadi
Ekinshi tolgauin bola ma?
Екіншісі барма
Рахмет
Би Темір туралы дпрек берсеңіздер
Өмірінен
Админ екыншы толгау неге жок?
Рахмет өте керемет
Такырыбы мен идеясын айтасыз ба?
Ажармен келісем тақырыбы мен идеясы керек болып тұр
Осы толґаудын идеясы керек
Өте кушты
оте тамашааааа
Керемет деп ойлаймын тамаша айтылган
2025 тең сәлем т
27.10.2025ж. 15:27.
Күшті, рахмет.
Шалкиіз Тіленшіұлының «Би Темірге айтқан бірінші толғауы» — қазақ тарихи поэзиясы мен батырлық жыр дәстүрін көркем тілмен жеткізген терең әрі әсерлі өлең. Бұл шығармадан қазақ батырлар поэзиясы, ұлттық рух пен ержүректілік туралы мағыналы ойды сезінуге болады, әрі «Би Темірге айтқан бірінші толғауы» мәтіні батырлық эпос пен қоғам тағдыры туралы терең ой тудырады. Қазақ әдебиеті мен батырлар поэзиясын бағалайтын оқырмандар үшін бұл өлең үлкен әсер қалдырады және поэтикалық шеберлік пен тарихи рухты түсінуге көмектеседі. Осындай тарихи‑поэтикалық шығармалар қазақ классикалық поэзиясы мен ұлтаралық әдебиетті зерттегісі келетін әрбір адамға маңызды әрі шабыт беретін материал болып табылады.