Азығым
Бұл бетте «Азығым» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сырласым да,
Мұңдасым да,
Шын досым да —
Ән мен елең,
Сендер болсаң,
Кіл қасымда,
Жалқы жаным
Етпейді елең.
Сендер болсаң,
Күй бабында
Шалқиды асқақ
Толғап терең!
Сендер болсаң,
Аймағымда
Тоғысқан тек
Нұрды көрем!
Өмір деген
Ұзақ жолда
Азығым сен,
Ән мен өлең!
Сені дәйім
Ту ғып қолға
Шырқай берем!
Шырқай берем!
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі