Оралшы бір – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Оралшы бір» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 823
Бұл күндері өзін болдың аңсарым,
Сұлу көктем, қадірмені баршаның!
Ойхой дүние, оралып бір тазартып,
Кетер ме едің көңілімнің бар шаңын.
Білемін ғой қайрылмасын өткеннің,
Өтімі жоқ уақытқа наз-өкпенің!
Сонда дағы жаз жайлауға жанымды
Қондырып бір кетер ме едің, көктемім
Оралшы бір, сонау қырға барайын,
Бойым жазып серпіліп бір қалайын.
Көкірегімде қалғып кеткен бұлбұлды
Оятайын, аспандатып алайын.
Оралшы бір өзің болып қарайын,
Оралшы бір менің де өссін талайым.
Оралшы бір баяғыдай тыныстап,
Баяғыдай лапылдап бір жанайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оралшы бір өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Оралшы бір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оралшы бір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оралшы бір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері