Өзіңді сүйем – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Өзіңді сүйем» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1252
Ұшқыны шоқтай көзіңді сүйем,
Алмастан өткір сөзінді сүйем.
Осқылап дауыл, бұлтты жарған,
Найзағай сынды кезіңді сүйем.
Шынайы сұлу сезімді сүйем,
Темірдей берік төзімді сүйем.
Сүйерім көп-ау санайын несін
Бәрінен дағы өзіңді сүйем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері