Кім дедің – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Кім дедің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1045
Жанарым ба кінәлі жаудыраған,
Әлде неге назарың ауды маған?
Әлде мынау еңсем бе сыр білдірген,
Иығым ба тәрізді тау құлаған?
Әлде абайсыз жүзіңе қарадым ба,
Қарауымды хабарға баладың ба?
Сыр сандығым – жүрегім түбінде деп
Жүрген сырым тұрды ма қабағымда?
Тереземнен әлде сыр ұрладың ба,
Әнге ақтарып, мұң шағып тұрғанымда.
Әлде мені жансыз бір гүл дедің бе,
Кез келгеннің өсетін гүл бағында?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім дедің өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Кім дедің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім дедің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім дедің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері