Бұл бетте «Осындаймын» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жыр жазсам, жүрегіңді суырамын,
Жазғырсам, қуырдақ қып қуырамын.
Ән төксем, әкетемін ағынымда,
Толқыным көбігі қып жуынамын.
Назымнан тірі пенде құтылмайды,
Құтылмағанымен ол ұтылмайды.
Сылдыр болсын, ол мейлі сылбыр болсын,
Жібі түзу боп шығады ып-ыңғайлы.
Кейде мен досыма да тосындаймын,
Бір көрген жанның кейде досындаймын.
Қорықпасаң ашық келіп ақтарылшы,
Мен міне, алдындамын, осындаймын.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі