Сағынышым – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сағынышым» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1021
О, менің аяулы арман, сағынышым,
Жанымның езің бе едің сабыры шын.
Бұлқынған бұл жүректі бұғалықтап,
Ұстаған тәріздімін тағыны шын.
О, менің аяулы арман, сағынышым,
Жанымның алаулаған жалынысың.
Даланың шаңқай түскі ақ қанатты
Сен кейде сезілесің сағымы шын.
О, менің аяулы арман, сағынышым,
Сенімен ғана түгел бақ-ырысым.
Сенсізде елсіздемін дауылдатып,
Нөсер боп құйып өтер жауыным шын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағынышым өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сағынышым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағынышым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағынышым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері