Сен мені ұмыттың
Бұл бетте «Сен мені ұмыттың» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен мені ұмыттың, жаным,
Ұмыттың нұрлы күндерді.
Алаулап жүзінде жалын,
Ұнаттың екен кімдерді.
Ақ нұрым жүрем деуші едің.
Аялап қызғышша қорып...
Беймәлім жат бір қақпаны,
Тықыршып жүр ме екенсің торып.
Бүр ашпай махаббат гүлі,
Қалса егер өне алмай солып.
Қалармын жүрегіндегі
Бір түйір ақ нүкте болып.
Жазылған әріптен гөрі,
Нүктені өшіру қиын.
Осынау жыр жолдарымды,
Оқырсың түсірмей иін.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі