Алтай аға – Гүлнұр Мұратхан

Бұл бетте «Алтай аға» атты Гүлнұр Мұратхан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

***
Күз деген «Мен..»
Күз деген «алтай аға..»
Тау тұрады алыстан бас ағартып.
Қазіргі сәт. Көшелер.
Парк «Абая»
Көңілім асау, албырт.

Күз деген «Мұң»
Ал, мұңды кешпедік пе?
Бізді іздеген таңды да атыр, ақтар
Қазіргі сәт. Күзгі бақ.
Естелікте,
Тапталған жапырақтар!..

Күз деген «Мен..»
Күз деген тағы да «Мен..»
Жерге қарай құлаймын биік тұрып!...
Құдай егер тағы да табын десе,
Жүрекке табынар ем,
Сүйіп тұрып..

Сүю бәлкім,
Тілсіз күздің сыбдырын есіткенің.
Есіткенің әлемді, есті қия
Тәңіріңнен басқаны ұмыттырған
Сен сезімді осылай кешіп пе едің?
- Есті қия,
Жарығым, кештім, Иә!..

Гүлнұр Мұратхан


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтай аға өлеңінің авторы кім?

Гүлнұр Мұратхан — осы өлеңнің авторы.

Алтай аға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтай аға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлнұр Мұратхан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтай аға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері