Нағыз қазақ – Елемес Диас

Бұл бетте «Нағыз қазақ» атты Елемес Диас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Болған қазақ әрқашанда қасқырдай,
Ешкімді де өсек қылып асырмай.
Тағдырына әрқашанда сабыр қып,
Ар-намысы көрсететін асылдай.

Болған қазақ әрқашанда бүркіттей,
Жеңіп кетер кез-келгенді үркітпей.
Түсірмеген ешқашанда тұла бойды,
Айтса егер, орындайтын бүлк етпей.

Болған қазақ әрқашанда арыстан,
Көре алатын әрбір жауын алыстан.
Сыйласқанға сыйластықпен жауап берер,
Қайтаратың кез-келгенді алысқан.

Болған қазақ әрқашанда жыландай,
Түрлі сөзге жүре алатын уланбай.
Қарсы тұрса өзгелер, көңіл бөлмей,
Тоқтататың кез-келгенді ойланбай.

Болған қазақ әрқашанда осындай,
Кез-келгенмен сыйласатың досындай.
Сол үшінде әрбір қазақ бауырға,
Тілейтінім, болсын бәрі осылай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нағыз қазақ өлеңінің авторы кім?

Елемес Диас — осы өлеңнің авторы.

Нағыз қазақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нағыз қазақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Елемес Диас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нағыз қазақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері