Бұл бетте «Ұлылықпен сырласу» атты Ғалым Жайлыбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Адасқан күшік секілді
Ұлып жұртқа қайтқан ой.
Абай
Шыңғыстаулардың шындығы болып
Шабыттан туған ұлы Абай.
Заманның ішке сұмдығы толып,
Қаңтар боп кетті құралай.
Уақыт-мергеннің нысанасына
Жамбы боп талай байландық.
Қанаттың барда ұша аласың ба –
«Қалың ел, қазақ, қайран жұрт?»
Оң сапар болар намысқа еріп,
Көлікті болса көш егер.
Үш арыс туған – арыстан едік,
Тышқан боп кетсек кеше гөр!
Нәубетке неге ұшырайды әнім,
Тағдырдың түсіп құрығы?
Адасып кеткен күшік-ойларым –
Жұртына келіп ұлыды.
Назалы аруақ!
Тосып аятты –
Бастады заман мың бүлік.
Шырт ұйқыда едім...
шошып оятты
...Шыңғыстау кеше шыңғырып.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі