Қайда кетіп барады бар асылдар
Бұл бетте «Қайда кетіп барады бар асылдар» атты Нұрбол Құдайберген жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қайда кетіп барады бар асылдар?
Өлшеп, пішіп айта алман бағасын дәл.
Құнсызданар уақытта құны түсіп,
Қалды мекен қадірі жарасында әр.
Қайда ұшып барады, ана, сұңқар?
Қанатында қайсарлы жарасым бар.
Қасқыр алар қуаты тышқан іліп,
Кетпесіне О, Тоба, таласым бар.
Қайда шөгіп барады, ана, шыңдар?
Төбелердің тілегі-ау қара сұмдар.
Жаз көңілі жайлаудай жайсаңдардың,
Неге жүзін басты кеп санасын қар?!
Қайда? Қайда осыған жанашырлар?
Қолыңнан бер, ей, тағдыр аласым бар.
Бермесең жолыңда алам бір себебі,
Алақаны жайылған алашым бар.
Қайда кетіп барады бар асылдар?..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі