Тұр, Күнім, тұр!
Бұл бетте «Тұр, Күнім, тұр!» атты Нұрбол Құдайберген жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көкейімде сайрап тұрса шындығым,
Қатарымын дей алмаймын мұңдының,
Артық маған жалған ғасыр балынан,
Шындық үшін у сімірген бір күнім.
Көкейімде сайрап тұрса шындығым,
Қаңтарылып, қаңсырасын құлқыным.
Ақиқаттың ақ байрағын көтердім,
Жүрегіммен жамармын деп жыртығын.
Көкейімде сайрап тұрса шындығым,
Ал, шындықты мағынасыз қылды кім,
Аноу маңдай жаратқанға сәжде емес,
Аяғына қожалардың құл бүгін.
Көкейімде сайрап тұрса шындығым,
Өмір маған мен өмірге құндымын.
Бабалардың аманатын арқалап,
Аманаттау бізге парыз тұр, күнім!
Жалғандықтың қаламасаң сұмдығын
Тұр, Күнім, тұр!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі