Ақ адыр, адыр жон ассаң – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Ақ адыр, адыр жон ассаң» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 953
Ақ адыр, адыр жон ассаң,
Қазбауыр бұлтқа толы аспан.
Жолықты жолай әлдекім,
Тұр екен тіреп қолы аспан.
Осылай ма әлде о бастан,
«Татамын» деді жоқ астан.
Шіркейдей көрмей біздерді,
Қарады көкке оғаш, паң.
Құтылдық әзер со мастан,
Шошыдық кенет – жоқ аспан.
... Құдайы күлді мысқылмен,
Бір кезде оған жол ашқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ адыр, адыр жон ассаң өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақ адыр, адыр жон ассаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ адыр, адыр жон ассаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ адыр, адыр жон ассаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері