Қараңғы түсті – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Қараңғы түсті» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1304
Қараңғы түсті.
Көз байланады,
Түнге айналады төңірек.
Аспанда жұлдыз маздай жанады
Әдеттегіден көбірек.
Қараңғы түсті.
Қарауытады
Қарауыл таулар тұлғасы.
Ақ қылау сәуле қылаңытады,
Жұлдызға тиіп шың басы.
Қараңғы түсті.
Қарағайлардың
Көлеңкелері көз байлап,
Көлбең де көлбең талай ойларды
Құлай да жаздап қозғайды-ақ...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері