Мақпал қара түн құшағы тылсым бір

Бұл бетте «Мақпал қара түн құшағы тылсым бір» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 832
Мақпал қара түн құшағы тылсым бір,
Асқақ арман, биіктерге ұмсындыр.
Шым-шым етіп, тұңғиыққа сіңейін,
Итшілеген қараң күнім құрсын бұл!
Тым болмаса көр қимадың лақаттап,
Жатыр менің тәлейімнен жат аттап.
Ай-арудың құшайыншы белінен,
Қайда еді әлгі, мені әкетер ат, әппақ...
Алты қабат талыс еді таралғым,
Ақ боз бәйге, арман үшін жаралдың.
Мақпал түннің төрі тым-тым қашықта,
Саған міндім, жұмбағыңа орандым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақпал қара түн құшағы тылсым бір өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Мақпал қара түн құшағы тылсым бір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мақпал қара түн құшағы тылсым бір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мақпал қара түн құшағы тылсым бір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері