Ырыққа көнбейді

Бұл бетте «Ырыққа көнбейді» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 582
Ырыққа көнбейді:
Теперіш тірлікте көп мүлдем.
Қасірет меңдейді,
Жүнжідім, ынжық боп кеттім мен.
Пұшайман ғұмырдан,
Жалықтым, қаңғырып өлем бе?
Қайнайды зығырдан,
Мұңымды шағамын өлеңге.
Келмейді ыңғайым,
Сабылдым, тентіреп сенделдім.
Тең болды жылға – айым,
Сезімді өлтіріп көмгенмін.
Томармын тамырсыз,
Келешек күндерге бал аштым.
Пендемін қадірсіз,
Мұңы бар кеудемде алаштың.
Нетемін?.. Жалықтым,
Алдымда асусыз адыр бар.
Тағдыры халықтың,
Белгісіз ... шағылдар ... қабір бар ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ырыққа көнбейді өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Ырыққа көнбейді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ырыққа көнбейді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ырыққа көнбейді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері