Ұлым-ай менің құлдыраңдаған

Бұл бетте «Ұлым-ай менің құлдыраңдаған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 932
Ұлым-ай менің құлдыраңдаған,
Жабыңқы түннің бұрымы алдаған.
Түспесең екен арбауға сен де,
Өзіңсіз ғұмыр тұлдыр ал, маған.
Әкеңде мұң көп – шерменде күні,
Селбесер дейсің көргенде кімі.
Жүрекке жиып, үйіп-төгіпті.
Қыжылдың бәрін...
Ермендегіні.
Қақпады шалқып шағалам қанат,
Қалың қорқаулар талаған қамап.
Бауырда – беріш қасірет күшті,
Есемді қайыр, саған – аманат.
Ұлым-ай, ұлым!
Ұғынасың ба?
Қалың елімнің мұңы басымда.
Қайтқан қаздай мен сіңіп кетермін.
Байыған күннің шұғыласына.
Өңім де сынық, жабырқағамын,
Анық алатын қабір – қамалым.
Опасыз жалған. Тірі жүргенде –
Кімдерге барып, қадыр табамын ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлым-ай менің құлдыраңдаған өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұлым-ай менің құлдыраңдаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлым-ай менің құлдыраңдаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлым-ай менің құлдыраңдаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері