Жұлдыздардың арасы мәлім маған

Бұл бетте «Жұлдыздардың арасы мәлім маған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 704
Жұлдыздардың арасы мәлім маған,
Сол жақтардан көресің тәлімді адам.
Сам жамырай бастайды, мен аттанам,
Қараңғыға сіңемін қалыңдаған.
Жердегілер жейтіндей жасқанамын,
Көрінеді жоқтай-ақ басқада мұң.
Жұлдыздардың арасы адамилау,
Шақырады қол бұлғап аспан-ағын.
Жаным шығып кей сәтте қыстығамын,
Қалт-құлт еткен бүгінде мүшкіл әлім.
Әлдеқашан тозыпты тобақазық,
Таңға жетпей қала ма түстік әнім?
Кәрі қыздай бақ кергіп, бұлданады,
Басқа қонбай тәлімсіп, тұл қалады.
Жұлдыздардың арасы – құт мекенім,
Ашық тұрар қашан да Күн қабағы.
Жан мүдуар – шуаққа тойынбаған,
Түсінбейді жалғанда ойымды адам.
Мен ертерек кетейін, ұстамашы,
Бәлкім сонда, ертерек, мойындалам ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдыздардың арасы мәлім маған өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Жұлдыздардың арасы мәлім маған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлдыздардың арасы мәлім маған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдыздардың арасы мәлім маған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері