Нева үстінде

Бұл бетте «Нева үстінде» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1472
Қайшы алысты шағалалар шарқ ұрып,
Нева лықсып, қарауытты жар тұнып.
Мойнын созып қарайды алыс Аврора,
Теңселемін сабырым сонша сарқылып.
Балаң едім бұла өскен тентектеу,
Аңсадың ба, жүрген шақта мен шеттеу.
Көмейдегі іркіп қалдың дірілді,
Мықтылығың көз жасыңды көрсетпеу.
Шалғайдамын ыстық құшақ, аяңнан,
Шақтарымда сағыныш билеп оянған.
Жағалауын талай кездім Неваның
Ақ түн құшып, ақ сәулесін оранған.
Емес бұнда күн қайнаған, түн ыстық,
Гүлдің үстін көмкереді күміс шық.
Нева ол да қалғып кеткен бағана,
Аврораны тербетеді тыныштық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нева үстінде өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Нева үстінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нева үстінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нева үстінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері