Елікпе – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Елікпе» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1114
Қалпағын киіп шет елдің,
Қызуын бастың шекеңнің.
Көйлегін киіп шет елдің,
Қолшатырын көтердің.
Шапанын киіп шет елдің,
Кейпіне кірдің бөтеннің.
Етігін киіп шет елдің,
Дедің-ау сері екенмін.
Шұлығын киіп шет елдің,
Тұмсықты көкке көтердің.
Шылымын шегіп шет елдің,
Шиқылдай келіп жөтелдің.
Шарабын ішіп шет елдің,
Ұмыттың атын көкеңнің
Тақтым ба әлде бекер мін?
Осы бір пенде екен кім?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елікпе өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Елікпе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елікпе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елікпе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері