Байғали ағама

Бұл бетте «Байғали ағама» атты Гүлсана Тілеубекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2016
  • 0
  • 4
  • 6083
Алқа топтан оза шауып жүлде алған,
Әніменен қақ қайыңдай ырғалған.
Көкейінен әсем әуез үзіліп,
Кейіпкерлер керуенін тізген жан.

Елге сінген еңбегіңіз есепсіз,
Қоғамның да жүгін сүйреп келесіз.
Егеменді елдің туын көтеріп,
Ертеңгі өсер ұл мен қызға сенесіз.

Қаншама арман жүрегінде бүр жарған,
Өткен күннен өлең болып сыр қалған.
Барша қазақ өнеге алсын,жан аға,
Нұрын шашқан, сенің ғажап тұлғаңнан.


Пікірлер (4)

Қуатбек Саяжан

Рахмет

Аға

Өлеңдер

Myrza

Өте керемет!

Myrza

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Байғали ағама өлеңінің авторы кім?

Гүлсана Тілеубекова — осы өлеңнің авторы.

Байғали ағама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Байғали ағама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлсана Тілеубекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Байғали ағама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері