Жанына батты – жайлаудың әрі қашқаны

Бұл бетте «Жанына батты – жайлаудың әрі қашқаны» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 562
Жанына батты – жайлаудың әрі қашқаны,
«Мендей еркесін кімдермен айырбастады?»
Қара жұрт жатты құлазып ұлы келгенде,
Сүреңсіз тіпті, мөп-мөлдір байырғы аспаны.
Тапалды көңіл жер болып жетімсіреген,
Күзгі қар басқан таулардың шетін сіреген.
Сағыныш деген сары иттің қыңсылап ерген,
Зиратқа барып қайтарды бетін сүремен.
Жетелеп атын құлдилап оралды кері,
Томсара қапты монтаны «Боранды» белі.
Су ішіп тұрып тұмадан ақ боз жорғасы,
Кісіней берді: жақсылық жоралғы ма еді?
Көңілді кеулеп өксік мұң өжеленеді,
Ел-жұртын аңсап тұлпарын тежемеп еді.
Сағыныш – салқар, шектеусіз сағымның іші,
Қайғының түбі қай кезде межеленеді?
Елі жоқ жұртқа тап келді қаңырап қалған,
Аталар қайда абыздай аруақтанған?
Жайлауын тастап, амалсыз,
Беталбат жаққа,
Боз атқа мініп, бозбала зарыға аттанған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанына батты – жайлаудың әрі қашқаны өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Жанына батты – жайлаудың әрі қашқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанына батты – жайлаудың әрі қашқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанына батты – жайлаудың әрі қашқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері