Жатқаныма көп болды – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жатқаныма көп болды» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 655
Жатқаныма көп болды –
Сақаймағам,
Керегі жоқ дәрінің, апай, маған.
Аңсап жүрмін ауасын ауылымның,
Сағыныш бар кеудемде атойлаған.
Тіршілігі қажытты палатаның,
Көңіл құштар,
Көруге дала таңын.
Жіберіңіз екі-үш күн.
Үйге барам,
Анашымның сағындым алақанын.
Қу төсекте қашанғы таңыламын,
Беріш сынды жабысқан жаныма мұң.
«Топырағына емделем туған жердің»,
Жіберіңіз, апатай, жалынамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері