«Құс қанаты» биыл қалың төтеннен – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте ««Құс қанаты» биыл қалың төтеннен» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1317
«Құс қанаты» биыл қалың төтеннен,
Бұзды сертін өрескел.
Құстар бәлкім, жете алмай жүр шетелден,
Құдай жасын көр, ескер.
Шөбі де жоқ болатұғын шешемнің,
Көк сиыры – көтерем.
Селбесетін, қауқары жоқ – мешелмін,
Не тындырам?! Жетер ем ...
Сезінемін бәріне өзім айыпты,
Біреу мені бөктерді.
Қасіретін қайғыма әкеп қайытты,
Көріп жүрмін көп кергі.
... Құстар бәлкім, жете алмай жүр шетелден,
Құдай, жасын көр, ескер.
Парызым жоқ шеше алдында өтелген,
Құр далбаса, елестер ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Құс қанаты» биыл қалың төтеннен өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

«Құс қанаты» биыл қалың төтеннен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Құс қанаты» биыл қалың төтеннен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«Құс қанаты» биыл қалың төтеннен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері