Рустави – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Рустави» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1944
Жанар таудай жатқан жонда атылып,
Жалынымен бұлттарды айдап сапырып,
Гудогімен ащы даусы жер жарып,
Рустави алды мені шақырып.
Рустави қарағанда басқаға,
Грузияда жаңа туған жас қала.
Рустави — Грузияның сауыты,
Рустави — көк темірге астана.
Домна пеші тау-шойынды қылғытып,
Шомылдырып от ішінде сүңгітіп,
Ағызады қызыл-жасыл өзен қып,
Гүрілдейді сонда оған тіл бітіп.
Астауменен асау толқын жүгіріп,
Прокаттың саусағына ілігіп,
Ұшып жатыр бөлшек-бөлшек бөлініп,
Баяғы оты бойындағы суынып.
Отпен мұнда қарсы алады таңды жұрт,
Келешек боп оралады жаңғырық,
Рустави Руставели секілді,
От ақыны жанатұғын мәңгілік.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері