Сенім – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сенім» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3256
(Хасен Өзденбаевқа)
Көңілім саған мөлдіреген көл тұнық,
Саған төрден орын берсем, жол тұрып,
Әкем түгіл арғы атамның қолынан
Ет асапсың ауызыңды толтырып.
Содан кейін өзімменен көрістің,
Болған емес қабақ шытыс, теріс күн.
Талай қыс пен талай жазды атқарып,
Қайғы менен шаттықты да бөле іштің.
Жүресің сен күнде күліп кеудемде,
Әкемді еске ап сыр шертесің көргенде.
Бір кездерде әкем саған сенген соң,
Хақым да жоқ менің саған сенбеуге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенім өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сенім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері