Қоңыр дөң, қойнауыңда қоңыр лашық

Бұл бетте «Қоңыр дөң, қойнауыңда қоңыр лашық» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 642
Қоңыр дөң, қойнауыңда қоңыр лашық,
Маңдайын жел ұрады – о, бір ғашық.
Миқиған қарамайды керегеге,
Шалжияр дөң үстінде өңірді ашып.
Іргеңді қоңыр лашық жер үрлеген,
Мойынын бұрмай кеткен небір дөдең.
Қадаңды жібермейтін қарыс сүйем,
Жеріңе лаң салды темірменен.
Киелі ең – ақ орда еткен пайғамбарым,
Білмейміз енді қандай қайран барын.
«От басар ойнақтаған тайлақ» деген,
Жан ұқпас әлі қанша тайраңдарын.
Арқалап келіп еді шомыттарын,
Шандып ап балтыр менен тобықтарын.
Қып-қызыл өкшелері жылтырайтын,
Көктемнің көп кешкеннен көбік қарын.
... Қоңыр дөң, қоңыр лашық қойнауыңда,
Ырыс-құт, анам тілі – қойлы ауылда.
Барам да мият табам кер даламнан,
Қала, сен қалжыратып қойғаныңда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоңыр дөң, қойнауыңда қоңыр лашық өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қоңыр дөң, қойнауыңда қоңыр лашық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоңыр дөң, қойнауыңда қоңыр лашық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоңыр дөң, қойнауыңда қоңыр лашық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері