Қыран – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Қыран» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1302
Үлгі-өнеге болсын дей ме артқыға:
— Қара шыңнан қарғып ұшып қарт қыран,
Шырқау көкке шығады екен өлерде,
Содан өзін тастайды екен төменге.
Қорлана ма,
Қорқа ма екен тегінде ол
ауырып-азып,
төзіп өлген өлімнен?
Ескі арбаға шиқылдау да сый-бақыт,
Күн кешеді майлаттырып, сыйлатып.
Ал қырандар тозбас үшін арбаша
Өзін-өзі тастайды екен қиратып.
— Сұрап алған ғұмыр емес шала бақсы — шайқыдан,
Қайсар қара,
айт, айта түс, айқын ән,
айтарыңды ағыл-тегіл айтып ал,—
Қара желге қарсы ұш, қанат, қайқылан!
жұрт көңіліне аяушылық тастарда
болмайық тек ойбай салар ескі арба,
Көкірегіңе ерек толар сыр аңса!
— Қырсықтардан жаратылған бағы бар
Өмір сүре білсек біздер қыранша,
Өлудің де бір есебі табылар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыран өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Қыран өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыран өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыран өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері