Білмедік біз өмір бұндай шырғалаң – Әмір Әділет Нұркенұлы

Бұл бетте «Білмедік біз өмір бұндай шырғалаң» атты Әмір Әділет Нұркенұлы жазған өмір туралы өлең берілген.

Білмедік біз өмір бұндай шырғалаң,
Аттаған соң, ақыл жасты таңқалам.
Болып едік баласы біз ойынның,
Қазір ойлап, бола алмаймын қылқалам.

Бастан кешпей қиынды, қайда түсіну?
Кез келеді жағдайың, өзің өту.
Еңбектеніп, өзіңе сенсең егер,
Табарсың, ұзақ жолды оңай шығу.

Бағындырар алда көп белестерің,
Сынбасын машақатқа сағың сенің.
Тірлік етіп өзіңді іске салсаң,
Кепілдік, тау шыңына жететінің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері