Өлең, жыр, ақындар

Уайымдап өміріме сыр сақтаттың

Уайымдап өміріме сыр сақтаттың,
Қорқамын сазайынан жалғыздықтың.
Өтпей ме адамдарсыз жанға жақын,
Қалған, жалғыз күнім деп алаңдаттың.

Өтсе егер мәні неде өмірімнің?
Тауып көрем жауабын мен осының.
Таппасам құлыпын бұл сұрақтың,
Зая кетті-ау өмірім қызықтырдың.

Пайдаға аспай қалады бар байлығың,
Өмір бойы жинаған жәдігерің.
Түсер ау, әу басыңа шыжықкөнең,
Жасаған жақындарға сараңдығың.

Ойланарсың, көп көрген соң қиыншылық,
Көрегенсің, білген барлық надандығын.
Жіберген қателікті түсінгенде,
Болады кеш қиындау сол бір сәтің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызғанамын

  • 1
  • 1

Қызғанамын,
Қызғанғаным соншалық,
Лапылдап шексіз жанамын,
Ащы күйік кеудемде,

Толық

Зымыраған уақыттар өтіп жатыр

  • 0
  • 1

Зымыраған уақыттар өтіп жатыр,
Адамдық дүние үшін өліп жатыр.
Байлық, мансап, рақатты қуамын деп,
Көрге де дайындықсыз кетіп жатыр.

Толық

Биіктерге ұмтыла

  • 0
  • 0

Биіктерге ұмтыла,
Өзіңді-өзің бағала.
Ынжықтыққа басылмай,
Дарындықты жағала.

Толық

Қарап көріңіз