Корқамын бұл өмірде неден мен? – Әмір Әділет Нұркенұлы

Бұл бетте «Корқамын бұл өмірде неден мен?» атты Әмір Әділет Нұркенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Корқамын бұл өмірде неден мен?
Жапанда қиыншылық көп көрген,
Қорқамын жалғыздықтың сазайынан.
Жетім қылған әлдилеген баласын,
Қорқамын жүрегі жоқ аналардан.
Ойыңды жалмап, өтірікке тойдырған,
Қорқамын екі жүзді жолдастардан.
Шайқалған шаңырағы ойнастан,
Қорқамын махаббатсыз қосылғаннан.
Дайынға тек үйренісіп, тойынған,
Қорқамын мақсаты жоқ жалқаулардан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері