Келіңдер Алматыға – Бүбішхан Тікебаева

Бұл бетте «Келіңдер Алматыға» атты Бүбішхан Тікебаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Асыл ән еркемсің,
Көк төбе көркейсін.
Өркендеп өсе бер,
Түп түзу көшелер
Келіңдер Алматыға.
Алматы – Жерұйық,
Еңселі сен биік
Төбесін күн сүйіп,
Тәкаппар Алатау тұр
Келіңдер Алматыға.

Тау суы – мөп-мөлдір,
Төңерек ән мен жыр,
Нұр көктем оралып,
Бұлбұлдар сайрап жүр.
Келіңдер Алматыға.

Алматы аяулы,
Ел құшақ жаяды.
Көкпеңбек жер мен көк,
Бақтары саялы,
Келіңдер Алматыға.

Дәл қазір Алматы –
Көркейген жас қала,
Бой түзеп келеді,
Бірге өскен астана
Келіңдер Алматыға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері