Күні туды қайсыбір алаяқтың – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Күні туды қайсыбір алаяқтың» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 595
Күні туды қайсыбір алаяқтың,
Өсімінен қалады сені аяп кім?
Сауда заңы біріңді он есе ету
Ол пайдадан қалады жан аяп кім!
Зыр жүгіру — дені сау жастың ісі,
Қалтасы ток, қайғы жоқ мастың ісі.
Келеңсіз іс, керенау кей қылықтан
Кәрі-құртаң, кемтардың қашты түсі...
Үміт күткен бүгінгі жас талабым,
Бұрылсыншы тіліңе қас-қабағың.
Ағылшыны жоқ, бірақ көз сүрінеді
Ағылшынша жарнамасы астананың.
Аға тілді аспанға көтергеннен,
Пірдей көріп соңынан көп ергеннен,
Өзіңді қор, өзгені зор тұтқаннан
Аз болды ма азабың бекер көрген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері