Неге бұлдыр дүние алып ұрды алыпты!? – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Неге бұлдыр дүние алып ұрды алыпты!?» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 837
Неге бұлдыр дүние алып ұрды алыпты!?
Лас тұман құшағы тұмшалайды жарықты,
Атмосфера тұнып тұр, бу мен түтін аралас,
Жер мен көкті жаулаған тұман бүгін тарамас!
Ізгілік пе азайған, жан ызғардан тайсалар,
Шырмауында тұманның селт етпейді ой-сана,
Әсер, әсер, әсерлер... жағымсызсың сен неге,
Сергітерлік жоқ шуақ, жаным немен емделер?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері