Бәрі қымбат, бәрі аспанға ұшып тұр, – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бәрі қымбат, бәрі аспанға ұшып тұр,» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 643
Бәрі қымбат, бәрі аспанға ұшып тұр,
Қара бақыр алтын боп ай құшып тұр.
Бүгінгі арзан ар-намысы адамның
Аяқ асты, қадір-құны түсіп тұр.
Бәрі қымбат, бәрі аспанға ұшып тұр.
Бақыры мол бақыт құсын құшып тұр.
Ендігі арзан — өзі аз ғұмыры адамның
Доллар берсең, иықтан басы ұшып тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері