Ой, жаным – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ой, жаным» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1329
Армандап қолың жетпес айдағыны,
Көңілге сала берме қайдағыны.

Қайырмасы:
Ой, жаным, қайда қалды ойнағың?
Қой, жаным, бола бермес ойдағың!

Қолыңды созғанменен айдағы жоқ,
Көңілдің баяғыдай қаймағы жоқ.

Қайырмасы.

Таңдайда махаббаттың қалған дәмі,
Қызығың сол-ақ екен жалғандағы.

Қайырмасы.

Қырдағы қызыл гүлдей құлпырғанмен,
Келе ме қайта айналып сылқым дәурен?

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері