Жүректер іздегенде – Мөлдір Дарханбаева

Бұл бетте «Жүректер іздегенде» атты Мөлдір Дарханбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бал сезім байлады көңілді
Жүректі жайлады жұпар мұң,
Сабырдың себеті сөгілді
Өзіңді ойлаумен жұқардым,

Аспаннан төгіліп аппақ нұр,
Махаббат түсірді қақпан ап...
Не деген сәттер-ау, тәтті-ақ бұл,
Бір күндік – мың жылға нақпа-нақ...

Төзімге тоғытты қашықтық,
Сезімдер, сол ұтты – ұлылық
Шаттықты кеудеден тасыттық,
Сағыныш алдады ұры ғып....

Аралық - аспанды қақ бөлед
Тулатып тамырда от ұдай
Жүректер іздеген сәтте кеп...
Құшақтар қауышса, О, Құдай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар