– Кездестiм, – дедiм, – көктеммен – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «– Кездестiм, – дедiм, – көктеммен» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 882
– Кездестiм, – дедiм, – көктеммен,
– Шақ осы, – дедiм, – таңғы уыз...
Алыстап менен кеткенмен,
Өлеңiм болып қалдыңыз.
«Сүйiншi!» дедiм абатқа,
Мелшиiп тұрды бұл әлем.
Тағы да аппақ параққа,
Аһ ұрып түстi бiр өлең.
Сезiм-ай мұнша қиын ба ең,
Келмейдi, сiрә, бақ тегiн...
– Осындай сенiң күйiңмен,
Таныспын, – дедi дәптерiм.
Тынышымды бекер кетiрген,
Сәттер-ай, сiзге не дермiз?..
Қалдыңыз дәптер бетiнде,
Тағдырым емес, өлең-қыз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері