Мен сенi сағындым ғой – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Мен сенi сағындым ғой» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1747
Мен сенi сағындым ғой...
бiлесiң бе?
Кездескен күн есiмде, түн есiмде.
Санамда қалған сенiң суретiңдi,
Елес қып, айналдым ғой түгесуге...
Беймаза шақтарыммен ере көшкен,
Жалықтым күндерден мен ерегескен.
Мөп-мөлдiр махаббатты тiлейсiң сен,
Менiң сол мөп-мөлдiрiм сен емес пе ең?
Сен әлi ерек, бөлек бақ ұстайсың,
Сол бақпен қауышқайсың, табысқайсың.
Мен саған әр хатыммен жақындаймын,
Сен менен әр хатыңмен алыстайсың.
Отырмын тағы, мiне, жанып iшiм,
Талпындым жүрегiңде от жағу үшiн...
... Бiр күнi шоқ боп барып сөнесiң-ау,
Сыңарсыз қайран менiң сағынышым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері