Жапалақтап қар жауды – бұлыңғыр күн – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жапалақтап қар жауды – бұлыңғыр күн» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1393
Жапалақтап қар жауды – бұлыңғыр күн,
Бұлыңғыр күн, өкпекті жұлындырдың.
Шамам қайдан келеді, санам дімкәс,
Қалар ма екен таусылып, мұңым бір күн.
Көктем неткен алдамшы, құбылмалы,
Менің нәзік жанымды ұғынбады.
Көршіміздің баласы қуанып жүр,
Көкек келіп, биесі құлындады.
Жапалақтап қар жауды – қатыбас күн,
Лайсаң жер. Жығылдым. Қапы бастым.
Амандығын білу жоқ қырдағы елдің,
Тоқтап тұрған кезі ғой қатынастың.
Көктем неткен алдамшы – бұлың-сұлың,
Өкпеледім мен саған, мұным – шыным.
Көкөзек шақ, қой баққан шопан мұңды,
Жетіспей тұр бір бұрам шылым... шылым...


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жапалақтап қар жауды – бұлыңғыр күн өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Жапалақтап қар жауды – бұлыңғыр күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жапалақтап қар жауды – бұлыңғыр күн өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жапалақтап қар жауды – бұлыңғыр күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері